Әлемдегі ең қауіпті 10 өзен, көлдер
Әлемнің әсем, таңқаларлық және жұмбақ ерекшеліктері - бұл Жердің басым белгілері. Жер шамамен 71% сумен жабылған және ол адамдар мен басқа да тіршілік формалары үшін маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Міне, біз әлемдегі ең қауіпті 10 су аймағын ұсынамыз, олар әлемді танып-білгісі келетін оқырмандар үшін таңдандыратын жәйт.
1. Киву көлі
Бұл тұщы көл, бірақ көлдің су құрамында жоғары газ концентрациясы бар, оның түбінде 55 миллиард текше метр метан бар, Руанда елінде орналасқан. Көл түбінде баяу бөлініп жатқан вулкандық белсенділікті тудыратын рифт аңғары орналасқан, бұл аздаған жер сілкінісі айналасындағы адамдарды уландыруы және үлкен жарылыс тудыруы мүмкін.
2. Дрейк бұғазы
Бұл Антарктиданың басқа құрлыққа ең қысқа жолы, яғни ең жақын орналасқан Оңтүстік Америка құрлығы. Ол өзінің конвергенция сипатымен белгілі, өйткені мұз айдындары, үлкен толқындармен сипатталатын және бұрқасынды желдермен сипатталатын климаттық ауысу аймағында орналасқан. Теңіз дауылдары жиі болып тұрады. Оңтүстік бөлігі қыста қатады, жаз айларында ірі мұзтаулар, айсбергтер жиі кездеседі. Бұл Панама каналы салынғанға дейін ғана белгілі болған. Осы бұғаз арқылы алғаш жүзіп өткен ағылшын теңіз саяхатшысы Френсис Дрейктің есімімен аталған.
3. Рио Тинто
Испанияның Андалусия тауында ағып жатқан өзен. Ол сыртқы көрінісіне байланысты Қызыл өзен деп те аталады. Оның суы өте тығыз (құрамында металл бар), құрамында қышқылдығы төмен және оттегісі аз.
4. Қайнаған көл
Доминика елінде, бүлкілдеп қайнап жатқан көл. Көл жаңартаудың маңында орналасқандыққан, көлдің түбінде балқытылған лава ағып жатыр, онымен қоса судың бетіне бу мен газ шығады.
5. Таға көлі
Көлге табиғаты әсем сұлулық сыйланады, бірақ оның жарықтардан шыққан көмірқышқыл газы көлді айналасындағы тіршілікке, ағаштарға зиян келтіреді.
6. Көк тесік
Бұл әлемдегі ең қауіпті сүңгуір алаңы, өйткені бұл жер тереңдігі 133 метр болатын үңгір, азотты есірткіге бейім. Мысыр елінің Дахаба қаласының маңында орналасқан.
7. Натрон көлі
Танзания елінде ағып жатқан тұзды көл, бактериялардың әсерінен қан-қызыл болып көрінеді. 60 ℃ градусқа дейін жететін температурада, ыстық болып ағып жатыр.
8. Мичиган көлі
Бұл Бермуд үшбұрышы тәрізді, көлдің үстінде жан түршігерлік әуе апаттары себепсіз орын алады. Кейбір сарапшылар апаттар кенеттен пайда болған ағымдардың салдарынан болады дейді.
9. Джейкоб құдығы
Бұл мөлдір сулы көл, қауіпті орындардың бірі болып саналады. Өйткені ол тігінен шамамен 9 метр төмен түсіп, содан кейін тар бөлінген біртұтас үңгірлер арқылы төмен қарай созылып, ақырында орташа 37 метр тереңдікке жетеді. АҚШ-тың Техас штатында орналасқан.
10. Ұлы көгілдір ойық
Белиз барьерлік рифының құрамына кіретін Лайтхаус-Риф атолласының ортасында орналасқан ірі көк ойық. Ойық диаметрі 305 метр, тереңдігі 120 метр.
Max_Cohen
1062 рет оқылды12.01.2021 15:42
Түсініктемелер
Әлі ешкім өз ойын қалдырмады, сіз бірінші болыңыз!