Ұйқыдан тұрғанда көңіл-күйіңіз қандай?

Ұйқыдан тұрғанда сіздің көңіл-күйіңіз әдемі және көзтартатындай ма?
Егер жауабыңыз қайшы болса, онда бүгінгі мақалада сізге бірнеше кеңес бергім келеді.

Кейбір күндері түскі сағат 10-11-лерге дейін ұйықтаған жақсы болар, бірақ сол тұрысымен түс болғандай, ал шамалыдан кейін кеш келіп - сол күн тез бітеді. Кеш тұрудың әсерінен, сол күнді пайдасыз өтті деп санасаңыз болады.
Осы мақалада негізгі сізбен бөліскім келген ақылым - бұл біздің бос уақытымызды қалай ұтымды пайдалану. Ұтымды дегенде көп істерді аяқтаумен қатар, өзіңізге жақсы және пайдалы істермен бір күнді толтыру :)

Азанда ерте тұру

Менің жұмысымдағы бір әріптесім өзін азанда өте ерте тұру әдетін өзінде қалыптастырған. Күнде азанғы сағат 5-6-ларда ұйқыдан тұрады. Ол жұмыстан алыс тұрады. Ол себептен емес. Ол 2 күн сайын бассейнге шомылуға барып тұрады.

Азанда ерте тұрып, ерте азаңғы асты ішіп алып, ерте автобусқа отырып, Абай-Розыбақиев көшелерінің қиылысындағы бассейн комплексіне аттанады. Шомылудан кейін жұмысқа келеді. Солай азаңғы 4 сағатты өзінің денсаулығына пайдалы істермен жаттықтырады.

Жұмысқа келгеннен кейін, сағат 12-ге дейін жұмыстағы жұмыстың барлық шаруаларын бітіріп тыстайды. Ал қалған уақытты өзіне арнайды. Яғни кешкі сағат 6-ға дейін өз шаруаларын орындаумен отырады. Бірақ кешке ерте ұйқыға кетеді. Сағат 9-10-дарда ол ұйықтайды.

Мен көп адамның осындай күн тәртібіне өзін ыңғайлау оңай деп санамаймын. Бірақ егер сіз өзіңізді осындайға үйретсеңіз, сіздің күнделікті пайдалы істер атқару коэффициентіңіз жоғарлайды.

Азанғы дене жаттығуы

Сіз азанда ұйқыдан тұрғаннан кейін жаттығулар жасайсыз ба? Сіздің көңіл-күйіңіз ашық және жарқыранды болу үшін, сізде күнде ұйқыдан тұра салып жаттығулар жасауыңыз керек. Осылай бірнеше күн қайталап, жаттығулар жасайтын болсаңыз - көңіл-күйіңіз бен жұмыс істеу қабілетіңіз артқанын байқайсыз.

Азанғы ас

Азанғы жаттығулардан кейін, қажетті дәмді асқа өтуге болады. Мен қандай тағамның пайдалы, ал қандайдың пайдасыз екені туралы айтқым келіп тұрған жоқ. Керісінше әдемі сәнделген және дәмді азанғы астың - сіздің көңіліңіздің ұзаққа дейін жағымды болуына әсер етеді.

Одан басқа не керек? Керемет, ашыңқы көңіл-күймен кез-келген жұмыс оңай және бүгінгі күнді керемет өткізу оңайға түседі.

Музыка

Азанғы ас ішіп жатқанда, онымен қоса құлаққа жағымды өлең тыңдаған жөн. Жаңалық пен әртүрлі телешоу көрудің қажеті жоқ. Оның орнына күлкілі, күлдіретін бағдарламалар (Айнаонлайн, Смотреть всем, КазНЕТ) көріңіз. Өзіңізге ұнайтын, не соңғы шыққан өлеңдердің ішінен біреуін тыңдауыңыз қажет.

Демалу

Азан мен кеш - күн тәртібінің ішіндегі өзімізге арнайтын уақыт аралығы. Егер сіз әйел адам болсаңыз, не балаларыңыз бар болса, онда бұл даулы мәселе болып келеді.

Соның өзінде де, өзіңізге уақыт тауып - шамалы болсын демалып, өзіңізді босаңқы ұстауға уақыт бөліңіз. Тек жақсы ойларды ойлап, өзіңізді демалдырыңыз.

Бүгінге бөлісейін дегенім осы. Ал егер сіздің қосатыныңыз болса, онда комментарий бөлімінде қалдырыңыз. Барлығына сіздің ойыңызбен танысқан қызықты болады деген ойым бар.
22 апреля 2014 г.Max_Cohen0130023
Поделиться
w
w
Назад

Комментарии


Еще никто не решился - будь первым!



Добавить комментарии

Ұйқыдан тұрғанда көңіл-күйіңіз қандай?

 
 

 
 
  Осталось999 символов

Обо мне

Max123 Cohen123
Max_Cohen


О нас Правила