Мені қуанттырған жәйт - кітаптар!

Сәлем құрметті достар! Қалайсыздар?

Бүгін сіздермен бөліскім келіп тұрған жәйт - бұл менің қымбатты кітаптарды сыйға алғаным. "Қандай кітаптар?" деген сұрақтар сіздерде туса, онда олармен сіздерді таныстырғым келеді.

Суреттермен таныстырмай бұрын, өзімнің сол кітаптарға уақыт табу жолымен таныстырғым келіп тұр.

Керемет жазылған, өлең! Әсіресе Қазақстан деген сөздің жазылуы.

Менің әр күнім таңертеңгі сағат 8-ден басталады деп жазатын болсам қаталеспеспін. Кейбір күндері сағат 7 жарымда тұрып, сайттың жұмыстарымен отырамын. Тұрғаннан кейін, әдеттегідей бет қолды жуу, тісті тазалау, шомылу болып келеді. Шомылып болғаннан кейін азанғы аспен тамақтану. Тамақтанғаннан кейін сағат 10-ға дейін, нақтырақ 9:45-ке дейін бос уақытым бар. Сол 30-45 минут ішінде күнде өзімді кітап оқу әдетіне айналдырып жатырмын. Қыс мезгілінде бұл уақытта қараңғы болатын, ал қазір күннің жарығы кітап оқуға жағымды ыңғайлылық береді. Сол себептен әдеттегі әр күнді жұмысқа дейін кітап оқумен өзкізгенді ұнатамын.

Осы уақытқа дейін 11-ші сыныптың қазақ әдебиеті кітабын оқып жүр едім. Одан басқа үйде қазақша әдеби кітаптар жоқ. Онымен қоса орысша JavaScript деген веб-бағдарламалау кітабын оқимын. Өзімді қатты кітап оқудан шаршаттырмау үшін, күніне 2 толық бет оқимын.

Енді бүгін Мен олардың қатарына жаңа 2 қазақша керемет кітапті қостым. Олар:

Тар жол тайғақ кешу

Абай жолы

Көптен бері қатты оқығым келіп жүрген кітаптарым, бұл - Мұхтар Әуезовтің Абай жолы романы. Осы кітап бүгін қолыма түсті.

Тағы қосатыным, бұл ұйқы алдында оқып жүрген кітаптарым: Идиот, Финансист, Лесли, Код Да Винчи және фотоаппаратымның кітапшасы Nikon D3100.

Өзімнің осы кітаптардан алған жағымды ойларымды бөлісуге келесі жолдары тырысамын.

Оқығандарыңызға рахмет.
9 апреля 2014 г.Max_Cohen3105412
Поделиться
w
w
Назад

Комментарии