КриРо - ең бай доптебер!

Футбол әрине, көптеген ұлдардың кішкентай кезінен ең суйіп ойнайтын ойыны, олардың ішінде өзім де бармын. Көптеген әйгілі футболисттер кішкентайынан ойын ауласында доп теуіп жүріп, осы спортты шын жүрегімен ұнатып, барлық күш жігерін салып ең үздік ойыншы атауларына қол жеткізуде. Атақпен бірге қалталарына қомақты ақша да құйылып жатыр.
Өкінішке орай қазіргі кезде бұл спорт түрі үлкен бизнеске айналуда, яғни, басты көңіл үлкен ақша мәселесіне ауытқып барады. Мысал ретінде, мына атақты goal.com жасаған ең бай футболисттердін тізіміне көңіл аударсаңыз. Бұл тізімде бүгінгі күнге дейін шаршамай доп теуіп келе жатқан футболисттердің осы күнге дейін тапқан ақшалары көрсетілген.
1. Яғни, 2014 жылда ең бай болып Португал ұлтының мақтанышы - Криштиано Роналдо табылып отыр. Ол осы күнге дейін - 148 миллион евро табыс тауып отыр! Әрине, бұл жігіттің бірінші орында тұруы таң қаларлық жәйт емес. Ол жылдан жылға үздік футболисттер қатарынан қалмай, екі мәрте ең үздік ойыншы болып танылуда. Қазіргі кезде ең бай футбол клубтардың бірі - Реал Мадрид түстерін қорғауда.

2. Барселона клубының ең үздік ойыншысы, өткен ғасырдың ең әйгілі футболисттердің бірі - Марадонаның жерлесі - Лионель Месси, өзінің мәңгі қарсыласы Криштиано Роналдодан қалмауда. Әлемнің 4 дүркін ең үздік ойыншысы осы күнге дейін - 146 миллион евро табыс тапқан екен!

3. Бұл тізімнің үштігінен орын тепкен келесі футболист - камерундық Самюэль Это'О. Өткен жылдан бастап Лондондық Челси клубының ойыншысы болып саналатын бұл жүйрік камерундық футболист осы күнге дейін - 85 миллион евро табыс жинаған.

4. Анлиянын ең талантты футболисттерінің бірі, осы жақын арада Манчестер Юнайтед клубен келісім шартын ұзартқан Уэйн Руни осы күнге дейін қанша ақша тапты десеңіз, оның көрсеткіштері келесідей - 84 миллион евро.

5. Итальяндық Милан клубына қайта оралған бразилиялық плеймейкер - Кака, осы күнге дейін - 82 миллион евро табыс көрген. Айтып кету керек, бұл жігіттің Реал Мадрид клубында бағы жанбай, кезінде Милан клубында гүлдей жайнап, әлемнің ең үздік ойыншысы атағына қол жеткізген клубына оралуын жөн деп санады.

6. Бразилиялық жас таланттардың бірі - Неймар, өз жасына қарамай, осы күнге дейін - 80 миллион ақша тапқан. Барселона клубының алғы қатарлы футболисттерінің бірі осы жазда болатын футболдан әлем чемпионатының бас жұлдызына айналуға тырыспақ.

7. Келесі футболист басқа ғарыштан келгендей, өз ойынымен бүкіл әлемді таң қалдырған, әрине дүние жүзінің ең үздік ойыншы атауына ие болған - Роналдиньо! Еуропа жерінде тамсандырған футболист өз Отанына қайта оралып, Атлетико Минейро клубының лидері осы күнге дейін - 78 миллион евро табыс көрген. Осы жазда болатын әлем чемпионатына баруға деген үмітін үзбеуде.

8. Боснияда туылып өсіп, Швед мемлекеті үшін ойын көрсетіп жүрген биік бойлы футболист - Златан Ибрагимович! Осы күнге дейін - 69 миллион евро пайда көріпті. Ойын барысында, гол соққанда каратэ элементтерін көп қолданатын бұл футболистті өкінішке орай осы жазда болатын әлем чемпионатында көре алмаймыз. Бірақ, франциялық ПСЖ клубы үшін тер төгіп, өз ойынымен осы күнге дейін жұртты паш етуде.
p.s. бет келбеті менің бір досыма қатты ұқсайды екен, әсіресе мұрны;)

9. Итальяндық дүние жүзіндегі ең әйгілі қақпашылардың бірі - Джанлуиджи Буффон, осы күнге дейін - 63 миллион евро табыс тапқан. Бұл тізімнің ондығына қақпашының кіруі әрине үлкен нәтиже, өйткені әдетте шабуылдайтын футболисттер өздеріне көп назар аудартады. Дегенмен, әлі күнге дейін Ювентус клубының қақпасын берік ұстауға тырысуда.

10. Бұл тізімді тұйымдайтын футболист - Тьерри Анри. Өмірі футболдан шаршамайтын футболисттердің бірі, әйгілі француз осы күнге дейін - 57 миллион евро пайда тауыпты. Қазіргі кезде АҚШ-та Нью-Йорк Ред Буллс клубының қатарында ойын көрсетуде.

Өздеріңіз көріп отырғандай тапқан ақшаларының көрсеткіштері аз емес. Осыны ескере отырып бұл футболисттер көптеген қамқорлық жасайтын ұйымдарға өз көмектерін аямауда. Қанша атақты болып, үлкен ақша қызығына батып кетпей, керісінше көмек сұрап жатқан жандарға қамқорлық жасау бұл өз адамдық қасиеттерін сақтап қалуға үлкен жігер!
12 марта 2014 г.Anonymous299223
Поделиться
w
w
Назад

Комментарии