Адам болам десеңіз…

Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізбепсің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың ба? (АБАЙ. Он бесінші қара сөз)
Қазіргі таңда теледидар алдында, интернет алдында, түрлі сериалдар, әр түрлі адамды қызықтыратын экшн боевиктер көрмейтін адам жоқ шығар, сірә. Бірақ бұл теледидардың, интернеттің бізге әкеліп беріп жатқан пайдасымен, зиянын таразының басына салып қарасақ, зиянын өте көп мөлшерде екенін байқауға болады. Пайдасы әрине еліміздегі болып жатқан жаңалықтарды көгілдір теледидар алдында көреміз, бізді қызықтырған жаңалықтарды интернеттен оқып аламыз. Ал зиянына келетін болсақ, теледидар ішіндегі бітпейтін соңы жоқ түрік, кәріс сериалдары.

1) Ең бірінші зияны айтып кетсек - Уақыт. Уақыт – біздің өміріміз. Ендеше оны қалай пайдаланып жүрміз. Адамның өмірінде теледидар, интернет ішінде уақытын ұрлайтын пайдасыз нәрселер көп. Уақытты дұрыс пайдалана білмегендіктен де ісімізде жиналып жатыр. Қазіргі таңда уақытты тиімді пайдалануды «тайм - менеджмент» деп атап жүрміз. Оның мәні – уақытты тиімді пайдалану. Уақытты тиімді жұмсауға не кедергі болады? Неге өзіміздің әр күнімізге өзімізге өзіміз сұрақ қоймаймыз? Бүгін мен өзімнің пайдам үшін не іс істедім? Менің бұл өмірдегі мақсатым қандай? Мен ата-анама, әйеліме, туған туысқандарыма қандай қарым - қатынастамын? ….. Шындығына келгенде кез келген адам өз уақытын тиімді пайдалана алады. Ол үшін өзіңізге маңызды сұрақ қоюыңыз керек: "Маған өз қалауыммен өмір сүруге не кедергі жасайды?".
Әйтеуір асығып - үсігіп жүрген адамдарды көресің. Асығып уақытым жоқ деп үйне барып теледидар алдына барып отыра кету, немесе интернет алдына барып отыра кету-бұл өз өміріңізге балта шабумен тең. Уақытымызды босқа теледидар, интернет алдында түрлі мән-мағынасы жоқ сериалдар мен фильмдер өткізгенше оның орнына спортпен, ғылыммен, кітап оқумен шұғылдансақ қой. Немесе кешқұрым таза ауада саябақтарда жанұямызбен, достарымызбен, бауырларымызбен қыдырып, немесе үстел үстіндегі теннис, футбол, шашка ойнап, немесе бауырларымыз, достарымызды үйге қонаққа шақырып студенттік, мектептік кездездерді күліп еске алғанға не жетсін. Немесе оның орнына бала-шағаның тәрбиесіне, біліміне, туған-туысқандардың жағдайына қарап қойсақ, нұр үстіне нұр болар еді. Немесе көптеген ағылшын туралы курстары өтетін клубтарға, немесе өнеге өсиет, тәлім тәрбие беріп адамдарға тура жол көрсететін мешіттегі айтылып жатқан уағыз әңгімелер тыңдасақ. Теледидардың бір алдамшы күлкі әңгімелеріне, сізге ешқандай қатысы жоқ атыс, жарылыс, төбелестерін көргеніңізге бір мәзсіз. Бұл қара жәшіктің санамызға сініп қалғаны соншалықты, олсыз бір күн өмір сүре алмайтын сияқтымыз. Соның тілімен сөйлейміз, соның айтқанымен киінеміз, соның айтқанымен өмір сүреміз. Адамды адам етіп тұрған оның сана сезімі, ойлау қабілеті. Осы ойлау қабілетімізді қара жәшіктің құрттары жеп жатырған секілді. Миымызды жеп қойғаны соншалықты туған ата - анамызбен тақырыпта ой бөліссек, бар білгені қара жәшіктің құрттары. Сол жәшік қазір бәрімізді билеп тұр. Көптеген туған туысқандардың үйіне барып бір әңгіме дүкен құрайын десеңде, сол бір теледидарды қосып қойып, соның қызығымен отырады. Іштей бұған қатты қынжылам. Бұл теледидар біздің туған-туыстық қарым-қатынасымызғада өте кедергі болып келеді. Осындай салдырт қарым - қатынастың арқасында, туған туыстық қарым-қатынас үзіліп, бала - шағаларымыз жаман жолға түсіп кетіп жатыр. Әр адам өз үйінде отырып, өз басым аман, барлығы жақсы, тамағым тоқ, көйлегім көк, жұртта шаруам жоқ деген хәлге жеттік. Оның бала шағасы, туған туыс бауырлары немен шұғылданып жүр, оны түкте қызықтырмайды. Ал бала-шағаңыз болса сол әлеуметтік желілерде отырып әркім біреумен бір әңгіме айтып отыр, оның кіммен не әңгіме қылып отқанында білмейміз, өйткені теледидар алдында отқан сіздің оны тексеруге уақытыңыз, қолыңыз тие ме?! Осындай іс-әрекеттерден кейін өзіміздің Алла тағала берген сана сезім, ойлау қабілеттерінен мүлдем ажырап бара жатқан секілдіміз.
Менің сізге көгілдір экраннан құтылуға мынандай кеңестер берем.
1) орнына ақ тақта сатып алып , білген ұққан нәрселеріңізді басқа адамдарға жеткізу. Видеоға түсіріп youtube-қа салып қойсақ білімге үлес қосқанымыз. Кеңесім сізге күлкінішті болуы мүмкін, бірақ әрбір сәтіңізде өзіңізге өзіңіз есептеме бергенде, үйренген білген нәрсеңізді айтып, бір рахаттансаңыз, өзіңіздің малдан артық екеніңізді түсенгеніңніз. Қатты айтқаным үшін кешірім сұраймын, бірақ малда біз сияқты тамақтанады, ұйықтайды, нәпсісі бар, бірақ олар, ғылымға, білімге ұмтылмайды. Тек малдар сияқты ішіп-жеумен, нәпсінің артынан жүріп, әлеуметтік желілерде болмасы түкке керек жоқ әңгімелер айтып, теледидар алдында босқа сериалдармен уақытымызды өткізсек, малдан артық жеріміз қалмағаны. Егер бұл нәрсені істеу қолыңыздан келмесе, онда:
2) Теледидардың пультін мусорға тастап жіберңіз, сонда сіз өзіңізге керекті бағдарламаларды көресіз, мысалға жаңалықтар. Осылайша сіз күнделікті теледидар алдында арналарды ауыстырып отыру әдетін арылып, бос уақытыңыз пайда болады.
3) Біздің күнделікті өміріміз біздің болмысымызды анықтайды, сондықтан күнделікті ісіңізді өзіңізге әдет қылып алыңыз. Мысалға, 1 бет болсада, күніне бір кітап оқып тұрыңыз, күніне бір рет 1 сағат интернетте уақыт бөліп тұрыңыз. Интернет отырғанда әр түрлі деректі фильмдер көріп біліміңізді шыңдауға болады....
4) Егер айтқан кеңестерім бір ой түйсеніңіз, онда төртінші кеңесім теледидарды Алла ризалығы үшін асыранды балалар үйіне сыйлыққа беріңіз, олар әр түрлі мультфильмдер қарап қызықтайды.
5) Әр түрлі үйірмелерге барыңыз, домбыра, гитара, би, сөйлеу шебері. Ешқашан кеш емес қартайып кеттім деп ойламаңыз.

Мен сізге аз ғана кеңестер бердім, енді өзіңіз батылдық танытып әрі қарай басқада жолдарын қарастырыңыз. Сол тапқан ойларыңызға іс-әрекет қылыңыз, әлбетте нәтижесін көресіз.
Әрбіріміз күндердің күнінде Алла қалаған күні жан ұялы болатынымыз мәлім. Ертең бала - шағамызға, артымыздан ерген ұрпағымызға не үйретеміз? vk -ға қалай кіру керек екенін, суретке қалай түсу керек екенін үйретеміз ба?! Немесе теледидар алдында отырып, аяқты аспанға қойып қойып теледидар көруді үйретеміз ба?! Осыны әрбір қазақ баласы өз еркімен ұғып, білім-ғылымға талаптанып, еңбек етсе бір қуанам. Талаптыға нұр жауар дейді қазақ бабаларымыз, әр уақыт өмірдің қызығына еріп кетпей, ғылымға-білімге талаптануды күнделікті өмірімізде әдетке айналдырайық.
11 марта 2014 г.Yerulan0186133
Поделиться
w
w
Назад

Комментарии


Еще никто не решился - будь первым!



Добавить комментарии

Адам болам десеңіз…

 
 

 
 
  Осталось 999 символов

Обо мне

Yerulan


О нас Правила