Жігіттер 8-ші наурызды қалай өткіземіз?

8 наурыз, халықаралық мейрамдардың бірі - яғни осы күні өзіміздің ең сүйікті және әдемі жандарымыздың мейрамы болып саналады. Біріншіден - бұл біздің туған анамыз, екіншіден - тәте, қарындасымыз, ал үшіншіден - өзіміздің сүйетін екінші жарымыз, жанымыз, сүйіктіміз, ғашығымыз...
Бүгінгі мақалада, сіздерге осы күнді сол жарыңызбен қалай өткізуді және қандай сыйлық сыйлаудың түрлері туралы жазылып кетеді.

8 наурыз күні, негізінде жігіттердің бастары қатты ауыратын күн болып саналады. Себебі осы күні қандай сыйлық сыйласам, не істесем болады деген сұрақтарға жауап табу қиын. Басты көп қатырмау үшін, бірінші - күнделікті, қарапайым сыйлықтар сыйлау ойымызға келеді. Оларға косметика, сәнді зергерлік бұйымдар және “гүл мен ашық хат” жиынтығын жатқызуға болады. Керісінше, осы күнді толығымен азаннан бастап, кешке дейін мерекелік көңіл-күйде өткізген жөнді деп санаймын.
Мысалға, осы күні азанғы, түскі және кешкі астардың бәрін жігіттер дайындап, сұлу жандардың керемет күндерінің біріне айналдыруға болады. Ал қалған уақыттары сіздің орайыңызға қарай өткізуге тырысыңыз. Бұл мейрам демалыс күніне түсіп тұр, сондықтан осы күнді толығымен ғажайып түрде өткізіңіз. Сыйлық сыйлықпен, ал мейрамды нағыз мерекелік түрде өткізейік.

Біріншіден. Таң атқанда, сұлу жанға әдемі гүлді сыйлаудан бастаңыз. Ал сол гүлді өзіңіз өз қолыңызбен боялған қағаздардан қиып жасалған (оригами гүлдерді мысалға алуға болады), әр түрлі сәндермен сәнделген болса, тіпті күшті. Оған қоса жұмсақ ойыншықтар мен ауа толтырылған шарлар сыйласаңыз болады.
Одан да асып таңғалдырғыңыз келсе, азанғы асты ерте тұрып дайындап, сұлу жаныңыз ұйқыдан тұрғанда - асты сол төсекке әкелсеңіз күшті болып саналады. Тағы да, оның қатты ұнататын алдын-ала жазылып қойған әуендері мен фильмдерін қатарлас қосып қойсаңыз өзіңізге тағы бір үлкен бонус аласыз. Әсіресе оның бірге көрейік деп көптен бері сұрап жүрген кинолары, сериалдары - мысалы, “Сумерки”, ...

Компьютерді жақсы білетіндерге, суреттерден бір қызық бейнеклип жасауды ұсынамын. Ол жерде сіздердің демалып, қыдырып немесе қатты күліп, ойнап жатқан суреттер мен бейнеклиптерді алыңыз.

Екіншіден. Азанғы асты ішіп болғаннан кейін, сұлу жаныңызға өзінің достарымен кездесуге кафеге жіберу, кешкісін өзіңіз келіп, кафенің ақшасын төлеу, сұлуыңызды алып кету - осындай сыйлық оны қатты қуантырып жібереді.
Содан кейін түскі уақытты ат үстінде отырып қала аралап немесе аквапаркте суға щомылып өткізсеңіздер мерекелік қорға қосымша әсер қосасыз. Қысқасы, осы күнді әсерлі және әдеттегіден тыс өткізетін болсаңыз - сұлуыңыздың ұзақ уақытқа дейін жақсы демалып, қуанып, күшті әсер алғанын байқайсыз.
Үшінші. Кешкі уақыт - бүгінгі күннің ең жауапты және қиын бөлімі. Сұлу жарыңызбен бірге кешкі асты жақсы мейрамханада, немесе тағамды өзіңізбен бірге алып романтикалық көңіл-күйде, қаланың үстінен жұлдыздарға қарап өткізуге болады. Таңғалдыратын тағы бір ой - театрға апарыңыз, ауа толтырылған қызыл түсті шамдар жіберіңіз немесе саябақта достарыңыз алдын-ала дайындап қойған қойылымды кешті жарық шамдар аясында өткізіңіз.
Егер бүгінгі орындалған кештің соңында жігіттер, өздерінің шаршағанын сұлу жандарыңызға көрсетпеуге тырысыңыздар. Керісінше барлық істеген мерекелік әсердің бәрі ұмытылып, соңында сіздің шаршағаныңыз сұлуыңыздың көзінің алдында қалып қалады. Өйткені бүгін кештің соңын аяқтайтын сіздер - жігіттер.
Сыйлықтарға келетін болсақ, онда керемет сыйлықтар қатарына SPA-орталықтарына, сән салонына, фитнес және зергерлік бұйымдар дүкеніне билеттер мен абонементтерді жатқызуға болады. Оған қоса лотерея билеттерін де қосқан жөн. Қымбат iPhone, планшеттер мен романтикалық әсері аз сыйлықтардан гөрі, арзан бірақ сүйкімді сюрпризден тұратын сыйлықтар сыйлаған жөн, мысалы екеуіңіздің бірге түскен суреттеріңіздің альбомы, түрі қызық үй ішінде киетін аяқ-киім, оның хоббиімен байланысты заттар…
Бұл 8 наурыз күнінің табысы - сіздің тек сыйлаған сыйлықтарыңыз ғана емес, сонымен бірге толық күнді мерекелік, романтикалық көңіл-күймен өткізу.
Осының бәрі тек біздің сұлу жандарымыз үшін.

7 марта 2014 г.Max_Cohen299612
Поделиться
w
w
Назад

Комментарии


Dakea19:191

Месяц

керемет жұмыс, жақсы рекомендациялар! Дайын тұрған нұсқау ғо! Сүйікті адамын сенен риза болсын!


Max_Cohen04:260

Месяц

Рахмет.



Добавить комментарии

Жігіттер 8-ші наурызды қалай өткіземіз?

 
 

 
 
  Осталось999 символов

Обо мне

Max123 Cohen123
Max_Cohen


О нас Правила