Сен қазақсың - мен қазақ!

… Орысша оқу керек, хикмет те, ғылым да, өнер де, ғылым да бәрі орыста тұр… -деп Абай атамыз өзінің 25-інші қара сөзінде қазақтарға орысша оқу керектігін дөп басып айтып берген. Дегенмен орысша оқыдық, білдік, бірақ өз еліміз үшін орыс тілімен қандай пайда, қандай зиян әкеліп жатырмыз соны бір ойлап, толғап, талқылап көрелік.
Неге қазақ тілі дамымай жатыр? Неге қазақ тіліне деген сұраным сондай төмен? Неге барлық адамдар тек ағылшынша, орысша оқиды да, Қазақ тіліне келгенде көңілі қаламай, не керегі бар деп жауап қатады. Неге үлкен компанияларда орысша, ағылшынша білген адамдарды құрметтейді де, ал қазақ тілін жақсы білетін адамға көз қарасы өте төмен?!
Бүгінгі таңда көптеген жастар тіл мәселесінде ешнарсеге талпынбайды, біреуге бір тіл мәселесін көтерсең болды "нацист", "фашист" деп немесе бұған кінәлі Назарбаев деп шыға келеді. Неге барлық нәрсені елбасымызға жаба береміз? Қазақта “жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас”, “басшысы мықты - ел мықты емес, халқы мықты ел - мықты “ деген қанатты сөздерге ой жүгіртсек, ел басымыздың бір өзі ешнарсені шеше алмайтыны көрініп тұр. Сондықтан бұл мәселе сіз бен біздің арамызда шешілуі тиіс.

Енді осы тіл мәселесін мемлекет деңгейінде көтермей, қайта - қайта тіл, тіл деп шулай бермей, қарапайым адамдар деңгейінде, еліміз, халқымыз үшін тырнақтың ұшындай бір үлес қосайық. Мысалға: Мен - қазақпын!
1) Мысалға дүкеннің ішінде тұрып: Орысша білсекте білмеген сынды, затты неге қазақша сұрап алмасқа. Мейлі ол сатушы қазақ болсын, орыс болсын, түрік болсын өз пайдасы үшін, саудасын жүргізу үшін сізбен кез келген тілде сөйлесуге дайын. Бұндай жағдайда біз қазақ тілінің беделін жоғары қойып онымен тек қазақша сөйлессек, онда қазақ тілін талап еткен боламыз. Егер талабымызды орындамаса, онда басқа дүкендерден алайық. Егер айналыңызда басқа дүкендер табылмаса, онда сол орыс барма, қазағы барма бәріне жауап қазақша жауап қайтарайық. Бұл айтып отырған кеңесімді қырсықтықпен шатастырып алмаңыз. Бұл нәрсені талап етумен теңестіріп ойлаңыз. Сонда сіз сатушының ойына “қазақ тілін білу керек” ой жүгіртесіз, және сол дүкеннің иесі сатушының қазақ тілін білуін талап етеді. Бұл ТАЛАП арқылы біз бірінші өз тілімізге үлес қостық, екінші біз сол жерге қазақ тілін білетін адамды, қазақ тілін құрметтейтін қазақстан азаматын жұмысқа тарттық.
2) Неге банкке барғанда дәл осылай орысша білсекте, білмеген сынды қазақша жауап қайтарайық. Егер олда қазақша жауап қайтармаса бастығын шақыртып маған қазақша қызмет көрсете алатын әріптесін шақыруды өтінейік. Егер бұл өтінішімізді қабыл алмаса, көптеген банк сайттарында хат жазып осындай бір мәселені шеше алмаған туралы сол бастыққа арыз шағым түсірейік. Осылай әр қайсысымыз жүрген жерімізде өз АНА тілімізді талап етіп жүрсек, қазақ тілі дамиды , ҚАЗАҚ ЕЛІ дамиды. Бұндай әрекеттерден кейін үлкен-үлкен компаниялар өзінің жұмысшыларын қазақ тілін бүлуін талап ететін болады.
Мен сіздерге жұмыста жүріп тек қазақша сөйлесіңдер патриот болыңдар, нацист болыңдар немесе фашист болыңыздар деп отырған жоқпын, олай етсеңіз жеп отқан наныңыздан айырылып қаласыз, өйткені сіздің орыс тілді бастығыңыз сіздің бұндай әрекеттеріңізді көріп жұмыстан шығаратыны анық. Ал егер сізге келіп тұрған клиентіңіз қазақша сөйле деп талап етіп тұрса, онда әрбір компания клиенттерге не керек екенін түсініп барлық жағдайды істеуге әзір тұрады. Онда сіздің орыс тілді бастығыңыз сізді жұмыстан қумайды, керісінше қазақша сөйлес!!! -деп бұйырады. Клиенттен айырылып қалма деп!!! - деп сөйлеттіреді. Сонда әрбір қазақ тілін білуші азаматтарға сұраным артады, ал сұраным артты деген сөз Қазақ тілі көтерілді деген сөз. Біз қазіргі уақытта өзімізге өзіміз демеу жасамасақ сырттан ешкім келіп бізге демеу жасамайды, Қазақтар! Сондықтан жүрегінде сәл қазақпын деген сезімі бар қазақтарға айтарым әр уақыт жүрген жерімізде Қазақ тілін талап етіп жүрейік!
Дінмұхамед Қонаев атамыздың “Талап етуді дөрекілікпен шатастырып алмаңдар” деген сөзі осы жерде орыс тілді адамдарға қисынды айтылған нақыл сөз.
Қой мінезді қазақ болып, орыс тіліне айтылған барлық нәрсеге көне беретін болсақ, қойдан артық жеріміз қалмағаны. Онда бізді Қазақ елі емес - Қой мінезді маңыраған қазақ деп атауға болады. Еліміздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл өтседе қазақстанда тұрып қазақ тілін білмеу біздің осы уақытқа дейін талап етпеуміздің көрінісі. Сондықтан бұған кінәлі тек ҚАЗАҚ-тар.
Осы мақаламды Мұхтар Ауезов атамыздың мынандай қанатты сөздермен аяқтағым келеді. “ Ұлттың тілі - сол ұлттың жаны, жан дүниесі. Ол жүректі соқтырып тұрған қан тамыры сияқты. Егер қан тамыры жабылып қалса жүректе соғуын тоқтатпай ма?! “ . Сондықтан сен қазақсың - мен қазақ бірлігі жарасқан ел болып , Қазақ тілін қолдап, демеп жүрейік. ҚАЗАҚ деген ұлы атты, бабаларымыз ғасырлар бойы қорғап келген ұлан - ғайыр жерімізді жер бетінен , тарих сахынасынан жоғалтып алмайық бауырлар. Алла Тағала Қазақ елінің мерейін үстем қылсын, ана тіліміз дами берсін. Амин!
30 января 2014 г.Yerulan8212035
Поделиться
w
w
Назад

Комментарии